ЖАҢАЛЫҚТАР
08.07.2024
AHK Zentralasien негізіндегі GR курсының екінші бітірушілер тобы
2024 жылы 4-5 шілдеде Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігінде (AHK Zentralasien) GR&Lobbying саласында курс тыңдаушыларының екінші легі оқытылды. Бұл Edward’s East Strategies және AHK Zentralasien бірлескен білім беру жобасы. Іс-шараның спикері саясаттану ғылымдарының кандидаты, Edward’s East Strategies директоры Эдуард Войтенко болды.
Курстың бірінші күні спикер келесі тақырыптарды көтерді:
- Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі лоббистік қызметті реттеу.
- Қазақстан мен Өзбекстандағы GR мен лоббизмдің ерекшеліктері.
- Бизнес пен билік арасындағы байланыс. Стейкхолдерлермен қарым-қатынасқа GR тәсілінің негізгі ерекшеліктері.
- Билік органдарымен жұмыс істеу принциптері, құралдары және GR-технологиялары.
- Билік органдарында мүдделерді ілгерілету стратегиясы мен тактикасына әсер ететін ақпаратты талдау. Стейкхолдерлерді картаға түсіру және GR стратегиясын әзірлеу.
- Бизнес мүдделерін ілгерілету мен қорғауға арналған GR-платформа ретіндегі салалық бірлестіктер, қоғамдық институттар және квазимемлекеттік сектор.
- GR және лоббистік қызметтегі сараптамалық ұйымдардың рөлі.
- GR және лоббистік жобаларды жүзеге асырудағы PR құралдары.
- GR және лоббистік жоба: құру алгоритмінен іске асыру технологиясына дейін.
Іс-шараның екінші күні Edward’s East Strategies тәжірибесінен GR-кейстердің талдауына арналды.
Тыңдаушылар арасында Carlsberg Kazakhstan, Bayer, EUROUZ және басқа да компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара соңында мастер-курс қатысушылары AHK Zentralasien және Edward’s East Strategies сертификаттарын алды.