Фирма туралы
Edward’s East Strategies – Орталық Азия, Кавказ және Парсы шығанағы елдеріндегі қызмет географиясы бар халықаралық консалтингтік фирма. Компания клиенттердің корпоративтік ESG-трансформация саласындағы міндеттерін шешеді, билік органдарындағы ірі бизнестің мүдделерін ілгерілетеді, стратегиялық коммуникациялар саласында кешенді қызметтер көрсетеді.
Фирманың сараптамасы өзінің қатысатын елдеріндегі мемлекеттік басқару механикасын, саяси және экономикалық үдерістерді, реттеуші саясатты терең түсінуге, сондай-ақ нақты жоба талап ететін үйлесімде GR, PR және құқықтық құралдарды пайдалануды қамтитын жеке және өзекті халықаралық практикаларды табысты қолдануға негізделеді. Біз нақты уақытта жұмыс істесек те, бірнеше электоралдық циклдерден кеңірек және ары қарай қараймыз, бұл біздің клиенттеріміздің мүддесіне ұзақ мерзімді әсері бар ұтымды стратегияларды жасауға мүмкіндік береді.
Компанияның жұмысы құрылым мен жүйелілікке, ал клиенттік сервисі – комплаенс пен әдептілікке негізделген. Біз билікпен және клиенттермен кәсіби қарым-қатынасты бағалаймыз, бірақ сонымен бірге аналитикалық объективтілікке және клиенттердің мүдделерін қорғау бойынша оңтайлы шешімдерді жүзеге асыруға қажетті қашықтықты сақтаймыз.
Edward’s East Strategies клиенттерінің арасында экономиканың әртүрлі салаларындағы ұлттық ұйымдар мен халықаралық компаниялар бар.
Компанияның кеңселері Астанада (Қазақстан мен ЕАЭО елдеріне жауапты), Ташкентте (Өзбекстан мен БАӘ-ге жауапты), Телавиде (Грузия мен Әзірбайжанға жауапты) және Мәскеуде (ЕЭК-ке жауапты) орналасқан.