ЖАҢАЛЫҚТАР
Edward’s East Strategies ай сайынғы реттеуші бастамалар мен кадрларды ауыстыру мониторингін дайындады. Біз талдау саласын кеңейтіп, жаңа мониторингтерге 2024 жылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйектін аралығында Қазақстандағы, Өзбекстандағы, Қырғызстандағы және Беларусьтегі болған жаңалықтар кіреді.
Қазақстанда бұл кезең экономикалық жүйені ырықтандыру мақсатында 2026 жылға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізумен, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітуімен сипатталады. Сонымен қатар, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы өтті және заңнамаға бірқатар салалық өзгерістер қабылданды.
Ал Өзбекстанда ірі мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық банктердің үлесінен Ұлттық инвестициялық қоры құрылды, сондай-ақ 2030 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі шаралар бекітілді. Бұдан басқа, Өңірлік өнеркәсіптік әлеуетті дамыту үшін Өзбекстанда өнеркәсіптік басқарудың жаңа сатылас тұжырымдамасы бекітілді.
Қырғызстанның құқықтық өрісінде Министрлер Кабинетінің заң жобалау қызметінің 30.06.2025 дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекітуі елеулі болды. Сонымен қатар, Президент Парламентке электронды темекіге тыйым салу туралы заңды қайтарып берді, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі және кәдеге жарату алымы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Сондай-ақ бірқатар экспорттық және баға шектеулері әзірленді.
Беларуссиядағы соңғы ай суды пайдалану, тауарларды міндетті таңбалау және қадағалау, кедендік реттеу саласындағы реттеушілердің нормашығармашылық белсенділігімен ерекшеленді. Мәселен, 01.01.2025 бастап зергерлік бұйымдарды міндетті таңбалауды енгізу, қаптамада буып-түйілген тауардың санын көрсетуге қойылатын артық талаптарды жою ұсынылады. Сондай-ақ, заңды тұлғаларға рекреация, спорт және туризм үшін жер үсті су объектілерін жалға беруге рұқсат беру жоспарлануда. Монополияға қарсы реттеу және кәсіпкерлік министрлігі кәмелетке толмағандар үшін бірқатар тауарларды қашықтықтан сатуға тыйым салу мүмкіндігін талқылауда.
Шолуларда бизнеске қызығушылық тудыратын басқа да нормативтік құқықтық актілер мен тағайындаулар келтірілген.