Беларусь пен Орталық Азия елдеріндегі реттеуші бастамалар мен кадрлық ауыстыруларға шолу № 17 | Edward's East Strategies

ЖАҢАЛЫҚТАР

Беларусь пен Орталық Азия елдеріндегі реттеуші бастамалар мен кадрлық ауыстыруларға шолу № 17

Edward’s East Strategies 2024 жылғы 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда және Беларусьте реттеуші бастамалар мен кадрлық ауыстырулардың ай сайынғы мониторингін дайындады.

Қазақстанда бұл кезең Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамын жаңартумен және де ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігінің функцияларын кеңейтумен сипатталады. Бұдан басқа, Парламентте биржалық сауда туралы заңнамаға түзетулер енгізу және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат беру талқылануда.

Өзбекстанда шығармашылық және креативті индустриялардың қызметі мен мемлекеттік қолдауын реттейтін “Креативті экономика туралы” Заң күшіне енді. Сондай-ақ фармацевтикалық өнімдерді постмаркетингтік бақылауға, яғни нарыққа шығарылғаннан кейін препараттардың қауіпсіздігін бақылауға қойылатын талаптар бекітілді. Бұдан басқа, Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанынан өзбек тіліне жаңа ғылыми және экономикалық терминологияның енгізілуін бақылайтын Комиссия құрылады.

Қырғызстанда Цифрлық Кодекстің алғашқы оқылымында қабылдануы елеулі оқиға болды. Құжат құқықтың жаңа саласын қалыптастырудың алғышарттарын жасауға және цифрлық басқару негіздерін бекітуге бағытталған. Сондай-ақ, платформа сатушылары мен операторларының міндеттерін кеңейтетін электрондық сауда заңнамасына түзетулер енгізу және 2028 жылға дейін ғылым мен инновацияны дамытудың басымдықтарын анықтау ұсынылды.

Беларуссияда соңғы айда валюталық-қаржылық реттеу, салық салу, мемлекеттік бақылау (қадағалау) салаларында өзгерістер өтті. Криптовалюта айналымына бақылау күшейтіліп жатыр: Беларусь тектес токендермен кіріс және шығыс операцияларды тек уәкілетті операторлар жүзеге асырады. Совмин шетелдік ұйымдардың кірістеріне салынатын салық мөлшерлемесін едәуір арттыратын, сондай-ақ акциздер мөлшерлемесін арттыратын түзетулер ұсынды.

Шолуларда бизнеске қызығушылық тудыратын басқа да нормативтік құқықтық актілер мен тағайындаулар келтірілген.