Беларусь пен Орталық Азия елдеріндегі реттеуші бастамалар мен кадрлық ауыстыруларға № 18 шолу | Edward's East Strategies

ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2024
Беларусь пен Орталық Азия елдеріндегі реттеуші бастамалар мен кадрлық ауыстыруларға № 18 шолу

Edwards East Strategies 2024 жылғы 15 қазан мен 15 қараша аралығында Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда және Беларусьте реттеуші бастамалар мен кадрлық ауыстырулардың ай сайынғы мониторингін дайындады.

Қазақстанда бұл кезеңде стратегиялық жоспарлау құжаттарын әзірлеуге ерекше назар аударылды. Премьер-Министр 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын бекітті, бұл мемлекеттің инвесторлар үшін елдің тартымдылығын арттыру бағытын білдіреді.  Сондай-ақ, Қазақстан билігі стратегиялық құжаттарды әзірлеу және мониторингілеу тәртібін белгіледі. Онда ұсынылған шешімдердің бизнес жағдайына және әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін бағалау қажеттілігі бекітілген. Бұдан басқа, 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдау және басқа да бірқатар құжаттар талқыланады.

Өзбекстанда Мемлекет басшысы ақпан айының басында күшіне енетін “Жер қойнауы туралы” жаңа Заңға қол қойды. Жаңа редакция көлемі мен егжей-тегжейі бойынша алдыңғысынан екі еседен артық. Ол мемлекеттік мүдделерді сақтау мен компаниялардың кен орындарын игеруге қолжетімділігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, елде жасанды интеллектті дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы бекітілді, стартаптар мен венчурлық қаржыландыруды дамыту бойынша шаралар қабылданды және Алкоголь мен темекі нарықтарын реттеу Инспекциясы құрылды.

Қырғызстанда парламент Ұлттық стандарттау жүйесін халықаралық тәжірибемен үйлестіруге, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және саудадағы техникалық кедергілерді жоюға бағытталған “Стандарттау туралы” заң жобасын қабылдады. Сондай-ақ, елде криптовалюта нарығын реттеу және заңдастыру, криптобанктер құруды көздейтін заң жобасы әзірленді. Қоғамдық талқылау үшін Экологиялық кодекстің жобасы жарияланды.

Беларусьта бірінші оқылымда Салық кодексіне салық салу параметрлерін елеулі түрде өзгертетін түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, тұрақты өкілдіктерін құрмай жұмыс істей беретін шетелдік ұйымдардың дивидендтер мен дивиденттерге теңестірілген табыстарына салынатын салық мөлшерлемесін 12-ден 25%-ға, демек екі есе үлкейту жоспарлануда. Одан басқа, Республика билігі бағалық реттеудің жаңа жүйесін, құрылыс компаниялары үшін мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуді талқылауда. «Одақтас мемлекеттің Министрлер Кеңесінің отырысы» аясында Ресей мен Беларусь арасындағы 2025 жылдың наурызына қарай роумингті жою туралы айтылған бастама елеулі оқиға болды.

Шолуларда бизнеске қызығушылық тудыратын басқа да нормативтік құқықтық актілер мен тағайындаулар келтірілген.