Эдуард Войтенко | Edward's East Strategies

КОМАНДА

Эдуард
Войтенко
Басқарушы серіктес, директор
  • Baikal Communications Group консалтингтік фирмасының иесі (штаб-пәтері – Мәскеу)
  • «Озеро Байкал» қолданбалы экологиялық әзірлемелер мен зерттеулерді қолдау қорының қамқоршылық кеңесінің басшысы
  • Құқықтық сараптама ғылыми зерттеу орталығының құрылтайшысы
  • Саяси ғылымдарының кандидаты, құқық магистрі. МГИМО Халықаралық журналистика факультетінің Жарнама және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, МГИМО-да “GR-менеджмент және лоббистік қызмет технологиялары” және М. В. Ломоносов атындағы ММУ Заң факультетінің Конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасында “GR-қызмет негіздері: тарих, теория, әдістеме, құралдар” магистрлік курстарының жетекшісі. МГИМО бизнес-мектебінің «Бизнес пен БКҰ-дағы GR мен лоббистік қызмет» біліктілігін арттыру курсының ғылыми жетекшісі. 2023 жылдан бастап Maqsut Narikbayev University (Қазақстан) қонақ оқытушысы
  • IT, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, темекі, алкоголь салаларында және ОЭК мемлекеттік билік органдарында бизнестің мүдделерін ілгерілету бойынша жалдамалы кәсіпқой ретінде талдамалық, заң шығарушылық және лоббистік қызметте 15 жыл тәжірибесі бар
  • Society of European Affairs Professionals кәсіби халықаралық лоббистік ассоциациясының мүшесі
  • Череповец жоғары әскери инженерлік радиоэлектроника училищесін (ЧВИИРЭ) «Радиоқұралдарды пайдалану жөніндегі инженер, қытай тілінің аудармашысы» мамандығы бойынша бітірді; «Медиаменеджмент» мамандығы бойынша «Экономиканың Жоғары Мектебі» Ұлттық Зерттеу Университетінің дипломы бар; СпбМУ-де «Тайваньның әлеуметтік-саяси жаңғырту үдерістеріне БАҚ-тың ықпалы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады; РФ Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтында “Құқықтану” мамандығы бойынша магистратураны бітірді (“Мемлекеттік органдардағы құқықтық қызмет” бағыты)
  • Жауапкершілік аймағы: Орталық Азия, Қытай және Моңғолия