AHK Zentralasien негізіндегі GR курсының екінші бітірушілер тобы | Edward's East Strategies

ЖАҢАЛЫҚТАР

08.07.2024
AHK Zentralasien негізіндегі GR курсының екінші бітірушілер тобы

2024 жылы 4-5 шілдеде Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігінде (AHK Zentralasien) GR&Lobbying саласында курс тыңдаушыларының екінші легі оқытылды. Бұл Edward’s East Strategies және AHK Zentralasien бірлескен білім беру жобасы. Іс-шараның спикері саясаттану ғылымдарының кандидаты, Edward’s East Strategies директоры Эдуард Войтенко болды.

Курстың бірінші күні спикер келесі тақырыптарды көтерді:

  • Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі лоббистік қызметті реттеу.
  • Қазақстан мен Өзбекстандағы GR мен лоббизмдің ерекшеліктері.
  • Бизнес пен билік арасындағы байланыс. Стейкхолдерлермен қарым-қатынасқа GR тәсілінің негізгі ерекшеліктері.
  • Билік органдарымен жұмыс істеу принциптері, құралдары және GR-технологиялары.
  • Билік органдарында мүдделерді ілгерілету стратегиясы мен тактикасына әсер ететін ақпаратты талдау. Стейкхолдерлерді картаға түсіру және GR стратегиясын әзірлеу.
  • Бизнес мүдделерін ілгерілету мен қорғауға арналған GR-платформа ретіндегі салалық бірлестіктер, қоғамдық институттар және квазимемлекеттік сектор.
  • GR және лоббистік қызметтегі сараптамалық ұйымдардың рөлі.
  • GR және лоббистік жобаларды жүзеге асырудағы PR құралдары.
  • GR және лоббистік жоба: құру алгоритмінен іске асыру технологиясына дейін.

Іс-шараның екінші күні Edward’s East Strategies тәжірибесінен GR-кейстердің талдауына арналды.

Тыңдаушылар арасында Carlsberg Kazakhstan, Bayer, EUROUZ және басқа да компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара соңында мастер-курс қатысушылары AHK Zentralasien және Edward’s East Strategies сертификаттарын алды.