ЖАҢАЛЫҚТАР
2024 жылғы 1 қарашада саясаттану ғылымдарының кандидаты, Baikal Communications Group және Edward’s East Strategies консалтингтік фирмаларының бас директоры Эдуард Войтенко BI Group компаниясының топ-менеджменті мен бейінді қызметкерлері алдында GR саласындағы тәжірибелі сарапшы ретінде сөз сөйледі.
Тренинг аясында Эдуард Войтенко Қазақстандағы GR реттеушілігі және ұлттық кеңістіктегі мен ЕЭК-тегі бейінді мамандар жұмысының ерекшеліктері туралы айтты.
Мастер-класс барысында сарапшы GR қағидаттары мен функцияларын, мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл технологияларын, барлық деңгейдегі билік өкілдерімен диалог өнерін, сондай-ақ қоғамдық, сараптамалық және ғылыми институттармен қарым-қатынастарды басқаруды, іскерлік, салалық бірлестіктермен және даму институттарымен жұмыс істеуді және т.б. жан-жақты талқылады.
Тәжірибесінің нақты кейстері арқылы Эдуард Войтенко GR жобаларында аналитикалық құралдар және PR мен ивент-менеджмент құралдарын қолданудың тиімділігін айқын көрсетті.
Білім беру іс-шарасы BI UNIVERSITY қамқорлығымен өтті.