Шолпан Батырбек | Edward's East Strategies

КОМАНДА

Шолпан
Батырбек
Серіктес
  • Төрт жыл бойы Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің бәсекелестікке қарсы келісімдер мен әдіснаманы тергеу бөлімін басқарды
  • Тоғыз жылдан астам Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы органының қызметкері болды, қатардағы сарапшыдан қаржы нарығы және өзге де салалар саласындағы тергеу басқармасының, әдіснама басқармасының басшысына дейінгі жолдан өтті
  • Трансшекаралық нарықтарда және Қазақстан Республикасының аумағында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеруге тікелей қатысты (30-дан астам тергеп-тексеру жүргізілді)

     

  • Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің “Экономикалық бәсекелестік” бөлімін жазуға және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын бәсекелестікті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысты
  • Еуразиялық экономикалық одақта бәсекелестік саясатты іске асыруға қосқан жеке үлесі үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның Құрмет грамотасының иегері
  • Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (КИМЭП) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бакалавриатын бітірген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің экономика және бизнес магистрі дипломы бар
  • Жауапкершілік географиясы: Қазақстан Республикасы және ЕЭК