БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
Негізгі бағыттарымыз
ӨЗГЕРУІ
ӨЗГЕРУІ
Біз күн сайын ұлттық және ұлтүсті құқықтық алаңда климаттың өзгеруіне қарсы күрес бағытында көміртекті реттеу саласында қабылданатын шараларға мониторинг жүргіземіз. Біз ұйымдар үшін, олардың салалық ерекшеліктерін ескере отырып, ықтимал тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалаймыз. Біздің экологтар мен заңгерлер халықаралық ұйымдар деңгейіндегі климат жөніндегі келіссөздерді үнемі қадағалап отырады және парниктік газдар шығарылуын реттеу тетіктері мен көміртектік бірліктерін сату бойынша олардың нәтижелерін болжайды. Біз ЕО-на импорттаушылар үшін трансшекаралық көміртегі салығын және жасыл таксономияның бизнеске қалай әсер ететінін қарастырамыз. Біз климаттық бейімдеу бойынша бағдарламалар әзірлейміз. Компанияның топ-менеджментін климаттық кезекті мәселелерге қызықтыру үшін біз климаттық интерактивтерді өткіземіз. Сонымен, климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі шаралардың симуляторы (Climate Action Stimulation) экономиканың түрлі секторлары тарапынан климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелеріне кірісуге және олардың әрқайсысының қажетті үлесі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясы Тараптарының конференциясы (World Climate Stimulation) симуляторы халықаралық деңгейдегі Климаттық келіссөздердің ерекшеліктеріне енуге және климаттың өзгеруіне қарсы күрес және оның салдарларына бейімделу бойынша Үкіметтер қабылдайтын шаралардың жеткіліктілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
- Көміртегі салығы
- Көміртектік бірліктері
- Климаттық бейімделу
- БҰҰ КӨНК тараптарының конференциялары
- Париж келісімінің 6.4-бабы
- БҰҰДБ
- CBAM
- EU Green Taxonomy
- En Roads және C Roads еліктемелік модельдері негізінде Climate Interactive