Монополияға қарсы реттеу | Edward's East Strategies

БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ

Қызметтеріміз

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ
ОРЫНДАЙТЫМЫЗ
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ

Монополияға қарсы заңнаманың талаптарын түсіну және адал бәсекелестікке ықпал ететін компаниялардың қызметін сауатты жоспарлау – табысты дамудың кепілін қамтамасыз етіп қана қоймай, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылу тәуекелдерін азайтады. Біздің мамандар Қазақстан Республикасының (ҚР) монополияға қарсы заңнамасының және ЕАЭО құқығының күрделілігін тез әрі тиімді түсінуге көмектеседі. Біз доминантты позицияның не екенін, доминантты субъектілердің кім екенін және оларды қалай анықтау керектігін түсіндіреміз. Монополияға қарсы тексеру тәуекелдерін азайту үшін позициясы басым деп танылған субъектіге нарықта өзін қалай ұстау керектігін айтамыз. Біз келісілген әрекеттердің бәсекелестікке қарсы келісімдерден қалай ерекшеленетінін, тік және картельдік келісімдер деп нені түсіну керектігін, мұндай келісімдердің негізгі белгілері қандай және олардың табиғаты неде екенін түсінуге көмектесеміз. Біздің сарапшылар монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында компаниялардың қызметіне ҚР монополияға қарсы заңнамасына және ЕАЭО құқығына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізеді. Егер клиент монополияға қарсы тексеріске тап болған жағдайда, бәсекелестікті қорғау саласындағы құзыреттіліктің жоғары деңгейіне және ҚР монополияға қарсы органы мен ЕЭК-те көп жылдық жұмыс тәжірибесіне ие біздің кәсіпқойлар командасы ең күрделі міндеттерді шешуге, монополияға қарсы дауларда жеңіске жету арқылы қаражат пен уақытты үнемдеуге көмектеседі.

ОРЫНДАЙТЫМЫЗ
  • ҚР және ЕЭК монополияға қарсы органымен монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы істер бойынша сот (төрелік) дауларында клиенттің мүдделерін қорғау (өтініштер, шағымдар, қолдаухаттар және өзге де қажетті құжаттарды дайындау)
    • Нарық субъектісінің доминантты позициясына шағымдану
    • ҚР мен ЕЭК монополияға қарсы органы әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдану
    • Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттамаларға шағымдану
    • Трансшекаралық нарықтардағы монополияға қарсы заңнаманы және бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау нәтижелері бойынша шығарылған ҚР мен ЕЭК монополияға қарсы органы шешімдері мен нұсқамаларына шағымдану
  • Жергілікті және трансшекаралық нарықтарда монополияға қарсы тергеу жүргізу кезінде клиентті сүйемелдеу
    • Клиентке ҚР монополияға қарсы заңнамасы бойынша және бәсекелестікті қорғау саласындағы ЕАЭО құқығы мәселелері бойынша кеңес беру
    • ҚР мен ЕЭК монополияға қарсы органынан түскен құжаттарды құқықтық талдау
    • ҚР мен ЕЭК монополияға қарсы органы сұрауына жауап беру мақсатында құжаттарды/ақпаратты/мәліметтерді дайындау
    • Тиісті тауар нарығындағы оның үлесін айқындау үшін клиент қызмет көрсететін нарыққа экономикалық талдау жүргізу
    • ҚР монополияға қарсы заңнамасын және бәсекелестікті қорғау саласындағы ЕАЭО құқығын бұзу белгілерінің болуын/болмауын бағалау мақсатында клиенттің ішкі құжаттарына құқықтық мониторинг жүргізу
    • Бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы істерді тергеу мен қараудың барлық кезеңдерінде ҚР мен ЕЭК монополияға қарсы органында клиенттің мүдделерін сүйемелдеу/ұсыну
    • Бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы тергеу/істер материалдарымен танысу, қорғау желісін әзірлеу (қажет болған жағдайда)
  • Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау шеңберінде мәмілелерді сүйемелдеу
    • Экономикалық шоғырлануға арналған мәмілелерді жүзеге асыруға рұқсат алу үшін ҚР монополияға қарсы органына құжаттарды дайындап тапсыру
    • ҚР монополияға қарсы органы жағынан мәмілеге келісім алудан бас тарту ықтималдығын құқықтық және экономикалық талдау
  • Монополияға қарсы комплаенсті ұйымдастыру және енгізу жөніндегі қызметтерді ұсыну
    • Монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісін әзірлеу және оған келісім алатын кезінде клиенттің мүдделерін білдіру
    • “Комплаенс-бағдарламалардың” жеке ішкі актілерін әзірлеу және енгізу, оларды тұрақты мониторингілеу және жүргізу
    • ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Өзін-өзі бақылау институтының” тәуекелге бағдарланған тәсілін енгізу
    • “Нон комплаенс” салдарын барынша азайту мақсатында комплаенс талаптарын сақталуы мен олардың бұзушылықтарың алдын алуына бағытталған ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де шараларды жүзеге асыру
  • Бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР монополияға қарсы заңнамасының және ЕАЭО құқығының талаптарын сақтау тұрғысынан компания қызметіне аудит жүргізу
  • ҚР мен ЕЭК монополияға қарсы органымен өзара қарым-қатынаста клиенттің мүдделерін білдіру
Сіздің кеңесшілеріңіз