ҚР мен ӨР-дағы реттеушілік бастамалар мен кадрлық ауыстыруларға шолу № 2 | Edward's East Strategies

ЖАҢАЛЫҚТАР

15.07.2023
ҚР мен ӨР-дағы реттеушілік бастамалар мен кадрлық ауыстыруларға шолу № 2

Edward’s East Strategies 2023 жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Қазақстан мен Өзбекстандағы ең елеулі реттеуші бастамалар мен кадрлық ауыстырулардың мониторингін дайындады.

Өткен кезеңде Қазақстанда онлайн-платформалар мен блогтардың жұмыс істеу, сондай-ақ онлайн-жарнаманы орналастыру және тарату мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер пакеті бекітілді. Құжаттарда бизнеске, оның ішінде блогерлерге жаңа талаптар қойылады.

Бұдан басқа, Мәжіліс тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында эксперимент жүргізу туралы заң қабылдады, ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды әлсіретуді ұсынды.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасында Ел Президентін сайлауы өтті және Шавкат Мирзиеев жеті жылдық мерзімге қайта сайланды.

Бизнесті реттеу саласында қарыздардың, айыппұлдардың, өсімпұлдардың кейбір түрлерін есептен шығару және жаңа салықтық жеңілдіктер енгізу туралы шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, “Бәсекелестік туралы” заңға қол қойылды және жеңіл автомобильдерді әкелуге баж алымы төмендетілді.

Шолуларда бизнеске қызығушылық тудыратын басқа да нормативтік құқықтық актілер келтірілген.