Білім беру | Edward's East Strategies

Білім беру

Edward’s East Strategies Қазақстан Республикасы мен Ресейдің негізгі жоғары оқу орындары негізінде білім беру жобаларын әзірлей және енгізе отырып, GR, ESG-мамандарының дамуына өз үлесін қосады. Біз бар дағдыларды жетілдірудің және қосымша білім алудың әртүрлі форматтарын, соның ішінде клиенттің жеке тапсырысы бойынша бағдарламаларды ұсынамыз.

«ESG ҚАҒИДАТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ БИЗНЕСТІ БАСҚАРУ: ПРАКТИКТЕРДЕН ПРАКТИКТЕРГЕ» КУРСЫ

ESG-трансформациялау бойынша біліктілікті арттыру курсы «практиктерге арналған практика» қағидаты бойынша құрылған. Оқытушылар ретінде экономиканың түрлі салаларындағы бейінді сарапшылар мен топ-менеджерлер әрекет етеді. Курс МГИМО Бизнес мектебімен (Ресей) бірге жүзеге асырылуда.

Тыңдаушылар өз бағытының жетекші компанияларында ESG-тәсілдерді интеграциялау және іске асыру негіздеріне енуге мүмкіндігі бар. Бағдарлама сонымен қатар ESG қағидаттарына негізделген корпоративтік басқарудың ерекшеліктеріне назар аударады. Нәтижесінде тыңдармандар отандық және халықаралық компаниялардың қызметіне ESG-қағидаттарды кіріктіру саласында негіздерді және өзекті білімді меңгереді, олардың тәжірибелерін жеке бизнес-үдерістеріне бейімдеуге болады. Бағдарламаның құрылымы мен ұзақтығы, оқыту шарттары мен нысаны туралы ақпаратты МГИМО Бизнес мектебімен (Ресей) сайты арқылы алуға болады.

«БИЗНЕС ПЕН БКҰ-ДАҒЫ GR&LOBBYING» КУРСЫ

GR&Lobbying саласындағы біліктілікті арттыру курстары «практиктерге арналған практика» қағидаты бойынша құрылған. Оқытушылар ретінде экономиканың түрлі салаларындағы және әртүрлі елдердегі бейінді сарапшылар мен топ-менеджерлер әрекет етеді. Курстар 2018 жылдан бастап МГИМО Бизнес мектебімен (Ресей) жүзеге асырылуда.

GR&Lobbying бизнес пен бейкоммерциялық секторды дамытудың міндетті шарты. Мемлекетпен өзара түсіністік болмаса, стратегиялық бизнес-міндеттерді іске асыру да, ұзақ мерзімді инвестициялар да, жауапты әлеуметтік жобалар да мүмкін емес. Мемлекетпен өзара әрекеттесуге жауапты менеджерлердің рөлі, сондай-ақ олардың кәсібилігіне қойылатын талаптар артып келеді. Көптеген нарықтардың болашағы мемлекеттің іс-әрекетіне байланысты. Геосаяси түзетулер, цифрлық трансформация, бизнестің экспортқа бағдарлануы, көрші мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық, билік органдарының ашықтығын арттыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестициялар көлемінің өсуі, мемлекеттің әлеуметтік бастамаларын дамыту, сондай-ақ жуырдағы COVID-19 пандемиясы да – мұның бәрі конъюнктураны тез өзгертеді және бизнес пен үшінші секторды дәлдікпен ыңғайлауды талап етеді. Қиын жағдайларда мемлекеттің сенімі коммерциялық компаниялар мен БКҰ-ның ең құнды капиталына айналады. GR-мамандарға деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Бағдарламалардың құрылымы мен ұзақтығы, оқыту шарттары мен нысаны туралы ақпаратты МГИМО бизнес мектебінің сайтында алуға болады.

МАСТЕР-КЛАССТАР
ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Біздің фирма клиент саласының ерекшелігіне бағытталған GR&Lobbying және ESG саласында корпоративтік тренингтік бағдарламаларды әзірлеп енгізеді. Сонымен қатар, біздің сарапшылар саясаткерлер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері үшін саяси коммуникациялар мен беделді басқару сабақтарын ұйымдастырады. Оқу бағдарламаларын әзірлеу арқылы біз клиенттің қажеттіліктерін зерттейміз және оқу процесін тек қолданбалы жазықтықта ұйымдастырамыз.

Егер Сіз жеке немесе корпоративтік
оқу бағдарламасын қаласаңыз,
электрондық поштамызға жазыңыз:
astana@edwards.kz

Білім беру бағдарламалары туралы
жаңалықтарды біздің
телеграм-каналымыздан ала аласыз:
t.me/grandlobbying_com