ЖАҢАЛЫҚТАР
Edward’s East Strategies 2024 жылғы 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Қазақстан мент Өзбекстандағы реттеуші бастамалар мен кадрлық ауыстырулар мониторингін дайындады.
Қазақстанда қаралған кезеңде Əлихан Смайылов үкіметі қызметті доғарды. Президент Əкімшілігінің бұрынғы басшысы Олжас Бектенов жаңа премьер-министр болып тағайындалды. Бірақ министрлердің көпшілігі өз лауазымдарына қайта тағайындалды. Министрлер кабинетіндегі жаңа адамдардың арасында:
- Ұлттық экономика министрі – Нұрлан Байбазаров, «Бəйтерек” Ұлттық холдингінің бұрынғы төрағасы;
- Қаржы министрі – Мəди Тақиев, Мəжіліс депутаты, Қаржы жəне бюджет комитетінің төрағасы;
- Денсаулық сақтау министрі – Ақмарал Əлназарова, Қазақстан Сенатының депутаты;
- Төтенше жағдайлар министрі – Шыңғыс Аринов, Қазақстан Президенті Күзет қызметінің бастығы.
Жаңа премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінде бұрын жоспарланған ҚҚС өсуінің болмайтынын айтты.
Бұдан басқа, Мəжіліс депутаттары Денсаулық сақтау мəселелері бойынша нормаларды қабылдады. Атап айтқанда, Қазақстанда вейптерге толық тыйым салу көзделуде. Тыйым салуды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бес жылға дейін бас бостандығынан айыру болып енгізіледі.
Сонымен қатар, Өзбекстанда Президент фармацевтика саласын дамыту жөніндегі шаралар жоспарын бекітті. 2024 – 2026 жылдары елде «Фармакологиялық қадағалаудың тиісті практикасы – GVP» жəне «Сақтаудың тиісті практикасы – GSP» стандарттары енгізілуі тиіс. Бұдан басқа, теле – жəне радиоарналардағы препараттар мен диеталық қоспаларды жарнамалауға Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылатын арнайы кеңестің қорытындысы негізінде ғана жол беріледі.
Өзбекстандағы тағы бір президенттік жарлықпен кəсіпкерлердің тұрақтылық рейтингі енгізілуде. Оның мақсаты – қызметті заңнама талаптарына сəйкес жүзеге асыратын кəсіпкерлік субъектілерін анықтау жəне көтермелеу.
Сондай-ақ, Өзбекстанның ҚК жəне ƏҚБтК-не крипто-активтердің заңсыз айналымы мен заңсыз майниң үшін заңды жауапкершілікті белгілейтін түзетулер қабылданды.
Шолуларда бизнеске қызығушылық тудыратын басқа да нормативтік құқықтық актілер мен тағайындаулар келтірілген.