ЖАҢАЛЫҚТАР
2024 жылдың 20 сәуірінде Edward’s East Strategies директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Эдуард Войтенко Maqsut Narikbayev University бизнес-мектебінің mini MBA бағдарламасының тыңдаушылары алдында GR&Lobbying саласындағы сарапшы ретінде сөз сөйледі.
Білім беру модулі аясында Эдуард Войтенко АҚШ пен Еуропадағы, Ресейдегі және Орталық Азия елдеріндегі GR және лоббистік қызметті реттеу туралы айтты. Сондай-ақ осы елдердегі GR&Lobbying саласындағы бейінді мамандар жұмысының ерекшеліктерін де атап шықты. Одан басқа, сарапшы ЕАЭО-ға қатысушы елдердегі мемлекеттік билік органдарымен жұмыс істеу қағидаттарын жан-жақты талдап, ЕЭК-пен өзара әрекеттесу кезіндегі GR-технологиялар туралы айтып берді. Сонымен қатар, Эдуард Войтенко дағдарыс кезеңінде бизнес пен мемлекеттік органдар арасында коммуникациялар құру, қоғамдық, сараптамалық және ғылыми институттармен қарым-қатынастарды басқару, іскерлік және салалық бірлестіктермен, мемлекеттік корпорациялармен және даму институттарымен жұмыс істеу бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Сабақ барысында лоббизм әдістері мен технологияларына, және де негізгі GR және лоббистік құралдардың көмегімен Edward’s East Strategies тәжірибесінен нақты жағдайларды талдауға ерекше назар аударылды. Олардың арасында аналитикалық (GR-стратегия, стейкхолдерлер картасы, бәсекелестік ортаны талдау, реттеуші тәуекелдерді мониторингілеу және бағалау, заң жобаларын және басқа да НҚА-ларды құқықтық сараптау және т. б.), GR, PR, ESG және ивент-менеджмент құралдары. Сарапшы мемлекеттік органдарда салалық стратегияларды құрудан және атқарушы мен заң шығарушы органдарда бастамаларды ілгерілетуден бастап ЕЭК-те техрегламенттерді әзірлеуге және сыртқы нарықтардағы салалық және реттеуші кедергілерді еңсеруге дейін әртүрлі күрделілік деңгейдегі мысалдарын келтірді.