ОА-дағы Германия экономикасының өкілдігіндегі GR-курс | Edward's East Strategies

ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2023
ОА-дағы Германия экономикасының өкілдігіндегі GR-курс

23 ақпанда 2023 Алматыда Edward’s East Strategies Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі базасында Government Relations саласында мастер-курс өткізеді. Оқыту барысында қатысушылар GR-құралдарын пайдалану және лоббистік технологияларды қолдану бойынша құзыреттерге ие болады.

Бағдарлама шеңберінде тыңдаушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарында бизнес пен БКҰ мүдделерін ілгерілету жөніндегі мүмкіндіктер туралы біле алады; сондай-ақ стратегиялық бизнес-міндеттерді, ұзақ мерзімді инвестицияларды және жауапты әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін мемлекетпен өзара өзара әрекеттестік дағдыларын жетілдіре алады.

Edward’s East Strategies директоры Эдуард Войтенко бағдарламаның спикері болады.

Бағдарламаның құрылымымен ұйымның сайтында танысуға болады. Бағдарламаға қатысу үшін сілтеме бойынша тіркелу қажет.