Монополияға қарсы реттеу | Edward's East Strategies

БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ

Негізгі бағыттарымыз

МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ РЕТТЕУ
БІЗДІҢ САРАПТАМАМЫЗ
МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ РЕТТЕУ

Монополияға қарсы реттеу заң саласындағы ең күрделі жүйелердің бірі болғаны белгілі. Бұл осы реттеудің монополистік қызметті болдырмауға және шектеуге, адал бәсекелестікке жәрдемдесуге бағытталған экономикалық, әкімшілік және заңнамалық шаралардың барлық кешенін қамтитындығына байланысты. Мұндай заңнама экономиканың барлық салаларындағы кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы қатынастарды реттеуге арналған, сондықтан да бәсекелестікке кез келген қатысушы реттеуші тарапынан мұқият бақылау объектісіне айналуы мүмкін. Мұндай бақылаудың теріс шешімі миллиардтаған айыппұлдар, кейде қылмыстық санкциялар да болуы мүмкін. Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасын және ЕАЭО құқығын қолдануда 13 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар тобы Edward’s East Strategies-тің монополияға қарсы практикасын құрайды. Өз қызметімізде біз осы саладағы терең білімді ұштастырамыз, бизнесті жүргізу тетіктерін, салалық ерекшеліктерін түсінеміз, мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекеттесу тәжірибесіне ие боламыз. Біз әрқашан өз клиенттерімізге ең күрделі міндеттердің кешенді құқықтық шешімдерін ұсынуға дайынбыз.

БІЗДІҢ САРАПТАМАМЫЗ
  • «Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттама» ЕАЭО туралы шартқа № 19 қосымша
  • Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібі
  • Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерінің бұзылуына тергеу жүргізу тәртібі
  • Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы істерді қарау тәртібі
  • Трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің ахуалын бағалау әдістемесі
  • ҚР Кәсіпкерлік кодексінің “Экономикалық бәсекелестік” бөлімі
  • Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау әдістемесі
  • Монополиялық әрекет (доминантты немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану; бәсекелестікке қарсы тік, көлденең (картельдер) және өзге де келісімдер; нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері)
  • Жосықсыз бәсекелестік
  • Доминантты немесе монополиялық позиция: ұғымдар, критерийлер және ол қалай анықталады
  • Монополиялық жоғары және монополиялық төмен тауар бағасы
  • Монопсониялық позиция және монопсониялық төмен баға
  • Тауар және трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ахуалын талдау
  • Мемлекеттік монополия және арнайы құқық
  • Нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциялары мемлекет берген мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), келісімдері
  • Монополияға қарсы комплаенс (ішкі, сыртқы)
  • Экономикалық шоғырлану