ҚР мен ӨР-дағы реттеушілік бастамалар мен кадрлық ауыстыруларға шолу № 4 | Edward's East Strategies

ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2023
ҚР мен ӨР-дағы реттеушілік бастамалар мен кадрлық ауыстыруларға шолу № 4

Edwards East Strategies 2023 жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында Қазақстан мен Өзбекстандағы ең елеулі реттеуші бастамалар мен кадрлық ауыстырулардың мониторингін дайындады.

Өткен айда Қазақстанның ең жарық оқиғасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы болды. Мемлекет басшысы елдегі экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын ұсынды, ал оның сөз сөйлеуінің негізгі лейтмотиві ел экономикасын әртараптандыру қажеттілігі болды.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі салықтық реттеу тәсілдерін жаңартуды ұсынатын консультативтік құжат әзірледі. Атап айтқанда ҚҚС мөлшерлемесін ұлғайту, КТС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу және көлік салығын жою туралы болып отыр.

Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін кадрлық өзгерістер орын алып, бес жаңа министрлік құрылды.

Өз кезегінде, Өзбекстанда ұлттық заңнаманы ДСҰ келісімдерімен үйлестіруге бағытталған президенттік Жарлық бекітілді. Сонымен қатар, ел Президенті Шавкат Мирзиеев бизнес өкілдерімен Ашық диалог жүргізіп, кәсіпкерлерді қолдау шаралары бекітілетіні туралы айтты.

Сондай-ақ, Сенат «Жер қойнауы туралы» жаңа заңды қабылдамау туралы шешім қабылдады. Құжат арнайы жұмыс тобының отырыстарында жетілдіретін болады.

Шолуларда бизнеске қызығушылық тудыратын басқа да нормативтік құқықтық актілер мен тағайындаулар келтірілген.